Ғылыми фестиваль

Экологиялық жобалар байқауының финалистеріне арналған қорытынды іс-шара Астана қаласында акселерация форматында өткізіледі. Акселерация бағдарламасы оқушылардың NXplorers құралдарын қолдану саласындағы білімдерін, дағдыларын және икемділіктерін күшейтуге бағытталған. Акселерация аяқталғаннан кейін байқау финалистері өз жобаларын қазылар алқасының мүшелеріне ұсынады.

Акселерация 3 күн жүргізіледі:
  • әдіснаманы тереңдетіп оқуға арналған NXplorers бас жаттықтырушыларымен өтетін шаралар;
  • экология, жобалар жасау, қаржы, көпшілік алдында сөйлеу саласындағы сарапшылармен өтетін шаралар;
  • байқау финалында оқушылардың барынша сәтті жоба қорғау үшін алдын ала қорғау шарасы мен қосымша кеңес беру өтеді.

Байқау ұйымдастырушылары 1 000 000 теңге көлемінде грантқа ие болатын 5 топ жоба жеңімпаздарын жариялайды.
© 2023 Caravan of knowledge
БАЙЛАНЫС Үшін
Жоба координатор
Мустафина Альфия
+7 (702) 353 8768