Республикалық «NXplorers: Жасыл Ұрпақ Бәйгесі» экологиялық жобалар байқауы
5 наурыз 2024 ж.
15:00-18:00
Республикалық «NXplorers: Жасыл Ұрпақ Бәйгесі» экологиялық жобалар байқауы
5 наурыз 2024 ж.
15:00-18:00

Жоба туралы

Shell NXplorers – бұл қатысушыларға (мұғалімдер мен оқушыларға) шынайы өмірде кешенді мәселелерді шешуге мүмкіндік беретін сыни және шығармашылық ойлау құралдары мен дағдыларды үйрететін инновациялық білім беру бағдарламасы.

Қазақстан Республикасының аумағында NXplorers жобасы 2021 жылдан бастап қоршаған ортаны қорғау мақсатында 8-10 сынып оқушыларының арасында байқау түрінде іске асырылады.

ҚР Білім және ғылым министрлігі, Дарын республикалық ғылыми-практикалық орталығы мен Шелл Казахстан және «Caravan of Knowledge» бірлесіп 2024 жылдан бастап «NXplorers: Жасыл ұрпақ бәйгесі» республикалық жобасының іске қосылатыны туралы хабарлайды.

«NXplorers: Жасыл ұрпақ бәйгесі» Жобасы

Жобаның мақсаты:
Күрделі тапсырмаларды шешуге арналған NXplorers авторлық әдістемесін жастарға беру. Байқауда қатысушылар Қазақстан Республикасының қоршаған ортаны қорғау саласындағы мәселелерді шешу үшін әдіснаманың әртүрлі құралдарын қолданады.
Жоба тарихы
Nxplorers әдіснамасы 2014 жылы «Шелл» концернімен құрылған
  • 2018
    «Шелл» энергетикалық концерні алғаш рет Астана қаласында студенттер мен НЗМ оқушыларға арналған бағдарламаға бастамашы болды
  • 2021

    Жоба Батыс Қазақстан және Атырау облыстарында іске қосылды

    Осы уақыт ішінде 603 мұғалім,

    721 оқушы тренинг өтіп, 149 жоба әзірленді.Грант қолдауымен 16 жоба жүзеге асырылды

  • 2022
    Жоба мектептерде іске асырылып, Батыс Қазақстан облысы мен Атырау облысында енгізілді. Осы уақыт аралығында 87 мұғалім, 160 оқушы оқытылды.
    38 экологиялық жоба әзірленді.
    700 000 теңге көлемінде гранттық қолдаумен 11 жоба іске асырылды.
    Атырау және Орал қалаларында Jasyl Fest өткізілді
  • 2023
    Жобаны іске асыру мақсатында 2023 жылы әдіснамамен танысуға және NXplorers-пен байланыс орнатуға ғана емес, сонымен қатар ҚР мемлекеттік мектептерінің оқу қызметінде әдіснаманы тұрақты пайдалануға бағытталған бағдарлама әзірленді. Жоба республикалық ауқымда іске асырылды.
2024 жылы жоба қадамдары
1
Республикалық онлайн-конференция
наурыз
2
Мұғалімдерден әдіснаманы оқуға өтінімдер қабылдау
наурыз
3
Мұғалімдерге арналған NXplorers әдіснамасын өту
сәуір
4
Оқудан өткен мұғалімдер өз оқушыларын оқыту
мамыр, қыркүйек
5
8-10 сынып оқушыларының арасында ұлттық байқау. Өтінімдерді қабылдау және жобаларды әзірлеу (қалалық деңгейде)
қыркүйек (басы)
6
8-10 сынып оқушыларына арналған республикалық байқау (облыстық деңгей)
қыркүйек (аяғы)
7
Экологиялық жобалар байқауы. Онлайн-питчинг және жобаларды қорғау. Финалистерді таңдау
қазан
8
Астана қаласындағы финал байқауы. Финалист топтарға арналған «Акселератор NXplorers». Жеңімпаздарды таңдау
қараша
(демалыс кезінде)
9
Жеңімпаздарға арналған гранттарды рәсімдеу. Жобаларды іске асыру
қараша - келесі жылдың сәуір айы
Өтінім беру мерзімі: 10 наурыз 2024 жылы
18:00
Өтінім беру мерзімі: 20 қыркүйек 2024 жылы
18 :00
Ұйымдастырушылар
  • Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы
    Қазақстанның дарынды балалары мен талантты жастарын анықтау және қолдау мәселелері бойынша білім беру саласында басшылықты жүзеге асыратын республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорын.
  • Шелл Казахстан
    «Шелл» энергетикалық концерні Қазақстанда
  • Caravan of Knowledge
    Caravan of Knowledge корпоративтік қоры стейкхолдерлер мен ЅТЕАМ білім беру саласындағы кәсіпқойларды біріктіреді..
© 2023 Caravan of knowledge
Байланыс үшін
Жоба координатор
Мустафина Альфия
+7 (702) 353 8768