Жасыл ұрпақ бәйгесі
Фестиваль NXplorers
Жыл сайынғы негізгі іс-шара: финалистерді жеке қорғау, гранттарды марапаттау рәсімі, модельдер көрмесі, дәрістер және байланыс орнату
Қалай өтті?
2023 — «NXplorers: Ғылыми саяхат»
Іс-шара аясында «Жасыл ұрпақ бәйгесі» республикалық экологиялық жобалар байқауы өтті. Байқаудың финалына Қазақстанның түкпір-түкпірінен қатысқан 100-ден астам команданың ішінен 20 команда жолдама алды. Үш жыл бойы өткізіліп келген бұл байқау 2023 жылы алғаш рет республикалық деңгейге көтерілді. Бұған дейін байқау еліміздің тек батыс өңірлерін қамтыған болатын.
Байқау қорытындысы бойынша үздік 5 жоба өздерінің экологиялық жобаларының прототиптерін жүзеге асыру үшін әрқайсысы 1 миллион теңге көлемінде грант алды.
Фестиваль барысында қатысушылар үшін экология және білім берудегі заманауи үрдістер туралы ғылыми-танымдық дәрістер, химия мен биология бойынша практикалық сабақтар, граффити өнері бойынша шеберлік сабақтары, шахмат турнирі, сондай-ақ халықаралық және республикалық олимпиадалардың жүлдегерлері өткізген химиялық және биологиялық сайыстар және басқа да қызықты іс-шаралар ұйымдастырылды.
Үздік 5 экологиялық жоба анықталып, олардың әрқайсысына жобаларын жүзеге асыру үшін 1 000 000 теңге көлемінде грант берілді
Фестивальдің маңызды оқиғаларының бірі — Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі, «Шелл Қазақстан» компаниясы және «Caravan of Knowledge» корпоративтік қоры арасында үшжақты ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылуы болды.
2024 жыл Қазақстандағы NXplorers жылы болып жарияланды
2024 — «NXplorers: Әлемге саяхат»
2024 жылғы 30 қарашада Қазақстанның астанасы Астана қаласында республикалық экологиялық жобалар байқауын қорытындылаған «NXplorers: Әлемге саяхат» фестивалі өтті.
Байқауға еліміздің түкпір-түкпірінен 122 мектеп жобасы ұсынылып, олардың 20-сы финалға жолдама алды. Финалистер өз жобаларын фестиваль барысында қорғады.
Фестиваль кеңістігі әлемнің үлгісі ретінде ұйымдастырылды. Әрбір аймақ немесе интерактивті алаң NXplorers әдістемесі қолданылатын әлемнің 17 елінің бірін немесе бірнешеуін таныстырды.
2025 — «NXplorers: Ozgeris Lab»
Shell NXplorers халықаралық бастамасы аясында жүзеге асырылатын «NXplorers: Жасыл ұрпақ бәйгесі» бағдарламасының қорытынды іс-шарасы және республикалық ғылыми-танымдық фестиваль.
Фестиваль мен акселерациялық бағдарлама 2025 жылғы 25–28 қараша аралығында Астана қаласында өтіп, еліміздің түкпір-түкпірінен келген экологиялық жобалар байқауының финалистерін, педагогтерді, сарапшыларды, серіктестерді және білім беру ұйымдарының өкілдерін біріктірді.
Еліміздің түкпір-түкпірінен ұсынылған NX-жобаларға арналған акселерациялық бағдарламаның қорытынды іс-шарасы
NXplorers фестивальдерінің жарқын сәттері
Ғылымға, технологияларға және тұрақты болашаққа қызығушылық танытқан қатысушыларды біріктіретін шығармашылық, ғылыми жаңалықтар мен инновациялар әлеміне саяхат жасаңыз.
© 2026 Caravan of Knowledge
Байланыс
Жоба үйлестірушісі
Маженова Айгерим
+7 701 529 9998