Мұғалімдерді әдіснамаға үйрету

Мұғалімдерге халықаралық әдіснаманы үйреніп, жаттықтырушы сертификатын алу және өз оқушыларымен бірге жобалар байқауына қатысу мүмкіндіктерінен тұратын маңызды кезең болып табылады.

Әдіснаманы оқыту тілі – қазақ/орыс (таңдау бойынша).

Әдіснаманы оқытудан өткен және тиісті растайтын сертификат алған Қазақстан Республикасының мемлекеттік орта білім беру мекемелерінің кез келген мұғалімі (ҚММ ұйымдастыру нысаны) NXplorers әдіснамасының жаттықтырушысы/шебер-жаттықтырушысы бола алады.

МҰҒАЛІМДЕРДІҢ ӘДІСНАМАНЫ ҮЙРЕНУ ҚАДАМДАРЫ

  1. Бастапқы кезең - оқудан өту
  2. Төмендегі сілтемені толтырып, көрсетілген нөмірге және электрондық поштаға тренингке шақыру алу.
  3. Getcourse платформасында оқу материалдарын өз бетінше оқып, тексеру тапсырмасын толықтай тапсыру
  4. Тапсырмадан сәтті өткен жағдайда әдіснама бойынша онлайн оқыту тренингінен өту (2 күн 3 сағаттан)
  5. Өз бетінше жұмыс істеу мақсатында арнайы тапсырманы орындау. Тапсырма орындаудың мақсаты - әдіснаманы дұрыс түсінуді және құралдарды дұрыс қолдана білуді тексеру
  6. Оқытудың барлық кезеңдері аяқталған жағдайда мұғалім NXplorers курсының тыңдаушысының электрондық сертификатына ие болады
  7. Мұғалім өз оқушыларын оқытып, әдіснаманы одан әрі жүргізген жағдайда, автоматты түрде NXplorers жаттықтырушысының электронды сертификатын алады (тек растайтын фото/видео материалдар ұсынып, оқушылармен бірге жобалар байқауына қатысқан жағдайда)

Өтініш беру мерзімі: 15 наурызға дейін
Тіркелу
Мұғалімдерге арналған жобаға қатысу мүмкіндіктері:
  • Үздік жобаларды құруға және кез-келген мәселенің шешімін табуға көмектесетін халықаралық бағдарламаны үйрену
  • Әдіснаманы өз сабақтарында қолдану
  • Білім берудегі жобалық тәсіл бойынша тәжірибе жинау -идеядан іске асыруға дейін
  • Бағдарламаның жаттықтырушысы, мастер-жаттықтырушысы сертификатын алу
  • Өз оқушыларының, мектебінің және жалпы білім берудің дамуына үлес қосу
  • Астана қаласындағы жобалар байқауының финалы (3 күн). Финалға өткен барлық топтарға тегін қатысу
© 2023 Caravan of knowledge
Байланыс үшін
ЖОБА КООРДИНАТОР
Мустафина Альфия
+7 (702) 353 8768