" "
" "
Экология және қоршаған ортаны
қорғау саласындағы нақты ғылымдарға
Болашақты ойлау
Shell NXplorers – келер ұрпақтың ойлауын дамытуға арналған бағдарлама.

Білім беру саласындағы жаңа көзқарас және балалардың сыни, шығармашылық ойлауын, күрделі мәселелерді өз бетінше шешу дағдыларын дамыту



Бағдарлама туралы
Жобаның бірінші кезеңі – мемлекеттік мектеп мұғалімдерінен тренерлерді даярлау бағдарламасы бойынша оқыту және тренерлік сертификация өткізу.

Әрі қарай жоба байқауына қатысу үшін, сертификация өткен мұғалімдер, 8-11 сыныптағы 3 оқушыдан тұратын мектеп тобын тіркейді. Мұғалім тәлімгер, ал студенттер жобаны жүзеге асырушы ретінде болады.

Оқыту тілі:
қазақша/орысша

Оқушылар алдын ала өтінім бере алады және міндетті түрде жоба байқауына тек өз мектебінің мұғалімімен бірге қатыса алады. Бұл биология, химия, физика, география және басқа да пәндердің мұғалімі болуы мүмкін. Мұғалімдеріңіздің кем дегенде біреуі әдістемелік дайындық пен тренерлік сертификацияға өтініш беру қажет.
"ЖАСЫЛ ҰРПАҚ БӘЙГЕСІ" жобасы
«NXplorers: Жасыл ұрпақ бәйгесі» - экологиялық мәселелерді шешуге арналған жобаларды жүзеге асыру үшін NXplorers әдістемесіне мұғалімдер мен оқушыларды оқыту жобасы. Бағдарлама мәселелерді зерттеуге және тұрақты шешімдерге келуді үйретеді.

"NXplorers: Жасыл ұрпақ бәйгесі" жобасының мақсаты- күрделі есептерді шешуге арналған NXplorers авторлық әдістемесін жастарға жеткізу. Байқауда қатысушылар Қазақстан Республикасының қоршаған ортаны қорғау саласындағы мәселелерді шешу үшін әдістеменің әртүрлі құралдарын қолданады.

2023 жылы «NXplorers: Жасыл ұрпақ бәйгесі» жобасы республикалық деңгейге шығады және халықаралық білім беру бағдарламасын оқуға мүмкіндік береді.



2022 жылы жоба Батыс Қазақстан және Атырау облыстарында жүзеге асырылды
Жобаға қатысқан:
83
мұғалім
482
оқушы
6 бөлінген грант
БҚО бойынша жобаларды
жүзеге асыру үшін әрқайсысы 700 000 теңге

Жасыл ұрпақ бәйгесі 2.0

ЖОБАНЫҢ МЕРЗІМІ: 2023 жылдың наурызы – 2024 жылдың ақпаны
17 облыс және республикалық маңызы бар 3 қаланы қамтиды

ҚАТЫСУ ШАРТТАРЫ:
Жобаның бірінші кезеңі – мемлекеттік мектеп мұғалімдерінен тренерлерді даярлау бағдарламасы бойынша оқыту және тренерлік сертификация өткізу.

Әрі қарай жоба байқауына қатысу үшін, сертификация өткен мұғалімдер, 8-11 сыныптағы 3 оқушыдан тұратын мектеп тобын тіркейді. Мұғалім тәлімгер, ал студенттер жобаны жүзеге асырушы ретінде болады.

Оқыту тілі:
қазақша/орысша

ТIРКЕЛУ
ЖОБАНЫҢ КЕЗЕҢДЕРІ:
1. NXplorers онлайн конференциясы (1 наурыз)
2. Тренерлер даярлау бағдарламасы бойынша мұғалімдерді іріктеу және оқыту (наурыз-сәуір)
3. Тренерлік сертификация (мамыр)
4. Тренер шеберлігі байқауы және үздік мұғалімдерді таңдау (маусым)
5. 3 күндік NXplorers демалысы (жеңімпаздар үшін) (шілде)
6. Апталық өткізу үшін академиялық дайындық (тамыз)
7. NXplorers Республикалық апталығы (қыркүйек)
8. Жобаны дайындау және финалистерді таңдау (1 үздік жоба әр облыстан(қыркүйек-қазан)
9. Байқау финалистер жобаларын инкубациялау бағдарламасы (мұғалім + оқушылар) (4 күн, 20 топ, қараша)
10. Жоба финалы, жеңімпаздарды анықтау және гранттарды тағайындау (қараша)



Жобаға қатысу мүмкіндіктері:
  • Сәйкес дағдылар – мектебіңізде қолдануға болатын бірегей әдістемемен танысу
  • Кез келген жасқа, мәдениетке және білімге қолданылатын әмбебап тәсіл
  • Онлайн іс-шараларға, мастер-класс, тренингтерге қатысу
  • Өзіңізге, әріптестеріңізге және оқушыларға арналған мүмкіндіктер – республикалық жоба туралы мәлімет алу
  • Жобаға қатысу және өзіңіздің экологиялық жобаңызды жүзеге асыру мүмкіндігі

ҰЙЫМДАСТЫРУШЫЛАР

Шелл Казахстан —
мақсаты экономикалық, экологиялық және әлеуметтік жауапкершілік қағидаттарына сәйкес энергия тасымалдаушыларға өсіп келе жатқан жаһандық сұранысты қанағаттандыру болып табылатын интеграцияланған энергетикалық компания.


Caravan of Knowledge корпоративтік қоры стейкхолдерлер мен ЅТЕАМ білім беру саласындағы кәсіпқойларды біріктіреді.
© 2022 Caravan of knowledge
БАЙЛАНЫСТАР
Бағдарлама менеджері Альфия
+7 702 353 8768